Меню KDT
logo.png?_=1549021584
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ
ru kz en
Новости

Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі

27.04

Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2023 жылғы 27 сәуір күні «Арнайы білім беру ұйымдарының педагогтері үшін "Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы" Республикалық Педагогикалық шеберлік конкурсының облыстық кезеңін өткізді.

Конкурстың мақсаты: ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің озық идеяларын практикада іске асыратын шығармашылықпен жұмыс істейтін, дарынды педагогтарды анықтау және қолдау, педагогтың оң әлеуметтік және кәсіби имиджін қалыптастыру.

Байқауға қатысушылар екі номинацияға қатысты: «Арнайы мектептің үздік педагогы» және «Арнайы мектептердің оқушыларын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің үздік педагогы».

Қазылар алқасы мүшелерінің жұмыс қорытындысы бойынша байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. «Арнайы мектептің үздік педагогы» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломдармен Павлодар қаласының «№7 арнайы мектеп-интернаты» КММ педагогы Наталья Валентиновна Свистич марапатталды, II дәрежелі дипломмен Екібастұз қаласының «№6 арнайы мектеп» КММ педагогы Сыздықова Әлия Айтбайқызы және ІІІ дәрежелі дипломдармен педагогтар Клименко Меруерт Балғабайқызы, Екібастұз қаласының «№6 арнайы мектеп» КММ, Құрманғалиев Рахман Әубәкірұлы, Павлодар қаласының «№7 арнайы мектеп-интернаты» КММ марапатталды.

«Арнайы мектеп оқушыларын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің үздік педагогы» номинациясы бойынша Екібастұз қаласының «№6 арнайы мектеп» КММ педагогы Жанар Киюбаевна Мұхамеджанова жеңімпаз атанды. II дәрежелі дипломмен Павлодар қаласының «№7 арнайы мектеп-интернаты» КММ педагогы Светлана Николаевна Спиридонова марапатталды.

Жеңімпаздар «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы» республикалық конкурсының қорытынды кезеңіне қатысу құқығына ие болды. Республикалық конкурстың соңғы кезеңінде біздің конкурсанттарға жеңіс тілейміз!


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения
Партнеры