Меню KDT
logo.png?_=1549021584
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ
ru kz en
Новости

Екібастұз қаласы әдістемелік кабинетінің озық іс-тәжірибесімен бөлісуі

13.03

2024 жылғы 12 наурыз күні Павлодар облысының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Екібастұз қаласының №24 көпсалалы гимназия мектебінің базасында Екібастұз қаласының білім беру бөлімі әдістемелік кабинеті «Білім саласын цифрландыру: мектеп ортасын табысты трансформациялау үшін әдістемелік қолдау» тақырыбында  облыстық семинар өткізді. Пленарлық бөлімінде С. Торайғыров ат. № 22 МГ,  №33 ЖОББМ, №35 МГ  диалогтік алаңда  мектеп тынысымен таныстырды. Қалалық  білім беру бөлімінің әдіскерлерімен  «Digital Teacher» жобасы аясында  педагогтер белсенді жұмыс атқарса, ал «Қаладан-ауылға» жобасы аясында «Цифрлық білім беру - заманауи оқытудың кілті» тақырыбында жүзеге асты. «Тіл – тұғырым» жобасы негізінде «Тілтаным» білгірлер клубының жұмысы көрсетілсе, «Тәлімгерлік жас маманның кәсіби институты», «Білім берудегі цифрландыру: қажеттілік, өзектілік, нәтиже» тақырыбында шебер-сағаттары көрсетіліп, педагогтер арасында кері байланыс орнады.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения
Партнеры