Меню KDT
logo.png?_=1549021584
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ
ru kz en
Новости

ШЖМ біріктірілген сыныптарындағы жұмыс ерекшеліктері

27.03

      Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2024 жылғы    27 наурызда «ШЖМ-де бірлескен сыныптардағы сабақтарды жоспарлау ерекшеліктері» тақырыбында диалогтік алаң ұйымдастырды. 

         Қатысушылар – директорлар орынбасарлары, ресурстық орталықтар үйлестірушілері, әдіскерлер, педагогтер ШЖМ біріктірілген сыныптарында жұмысты ұйымдастыру мәселелерін талқылады, оқыту тәжірибесін жетілдіру қажеттілігін атады, біріктірілген сыныптарда кіріктірілген оқытуды ұйымдастыру бойынша және оларды шешу жолдары бойынша пікір алмасты. 

        Облысымыздың Железин, Ертіс, Ақтоғай және Тереңкөл аудандарының    педагогтері  5-6, 7-8-сыныптарда бастауыш сыныптар, орыс тілі мен әдебиеті, биология, тарих, дене шынықтыру сабақтарын өткізуге арналған тиімді педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша іс-тәжірибелерін ұсынды.

         Диалогтік алаң жұмысының қорытындылары бойынша ұсынымдар қабылданды. 

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения
Партнеры