Күзгі демалыста оқушылардың бос уақытын қамту жоспарына сәйкес 5-сыныптарға арналған зияткерлік сайыс өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, алған білімдерін жетілдіру, өз ойын еркін жеткізуге, ұқыптылыққа және ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар осы шара оқушылардың бойында бәсекелестік рухын дамытып, достық қатынастарды нығайтуға көмектеседі.