«Кәсіби өзін-өзі анықтауына психологиялық қолдау көрсету»

12.12.2024

    2024 жылдың 12 желтоқсанында Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы «Білім алушылардың кәсіби өзін – өзі анықтауына психологиялық қолдау көрсету» тақырыбында семинар өткізді.

    Семинарға 400-ден астам ШЖМ педагогтері мен психологтары қатысты. Семинар кәсіби бағдар беру саласында педагогтер мен психологтардың білімдерін тереңдетуге, сондай-ақ білім алушылардың болашақ мамандықты таңдау үдерісінде психологиялық көмектің тиімділігін арттыруға бағытталған.    

    Семинар барысында білім алушылардың кәсіби бағдарын анықтаудың негізгі аспектілері, олардың күшті жақтары мен қызығушылықтарын анықтау, сондай-ақ психологтың білім алушы өмірінің бұл маңызды кезеңінде қолдау көрсетудегі рөлі қарастырылды. Білім алушылардың кәсіби қалауларын анықтауға арналған жұмыс әдістеріне, сондай-ақ болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінді.

     Семинар қатысушыларына педагогикалық және психологиялық қызметінде қолдануға арналған практикалық ұсынымдар берілді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

Обсуждений не найдено