Меню KDT
logo.png?_=1549021584
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ
ru kz en
Новости

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беру

28.01

2025 жылғы 28 қаңтарда Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы Б. Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледжімен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес Павлодар қаласының №121 сәбилер бақшасы базасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беру аясында балалармен жұмыс түрлері мен әдістері» тақырыбында семинар-практикум өткізді.

Семинардың мақсаты мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беру жүйесін ұйымдастыру мен дамытуды насихаттау, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеуде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру болып табылады.

Семинар барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың сөйлеу бұзылыстарын түзету, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру, үйлестіру мен икемділікті, танымдық қабілеттерін дамыту мәселелері қаралды.

Семинарға қатысушылар үшін практикалық тренингтер, шығармашылық шеберлік сыныптары, ойын стретчингтері ұсынылды.

Семинар қорытындысы бойынша студенттер мен педагогтер ұсынылған тәжірибенің өзектілігі мен маңыздылығын атап өтіп, әсерлері және бақылауларымен бөлісті.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения
Партнеры