Меню KDT
logo.png?_=1549021584
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ
ru kz en
Новости

ӘРІПТЕСІМІЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІНДЕ АРНАЙЫ НОМИНАЦИЯМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

17.09

Аймауытов театры 12-17 қыркүйек күндері Жезқазған қаласында өткен Жанат Хаджиев атындағы VI халықаралық театр фестиваліне қатысты. Актерлер ұжымы аталған өнер додасынан олжалы оралды.

Жанат Хаджиев атындағы VI халықаралық театр фестиваліне Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының ұжымы Бертольт Брехтің «Пері қатын» драмалық абсурдымен қатысты. Режиссері - Азия және Еуропа елдеріндегі театр ұжымдарының тәуелсіз режиссері Овлякули Ходжакули.

Фестиваль қорытындысында «Пері қатын» қойылымында Балауса қыздың ролін сомдаған актер Дильназ Қиятова үздіктер қатарынан көрініп, «Екінші пландағы әйел ролі» номинациясымен марапатталды. Әріптесімізді өнер саласындағы жетістігімен құттықтаймыз.

 

Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театры


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения
Партнеры