Меню KDT
logo.png?_=1549021584
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ
ru kz en
Новости

Театр актері Халықаралық фестивальде үздік деп танылды

02.10

Аймауытов театры 23-27 қыркүйеккүндері Ақтөбеде Қ.Шаңғытбаевтың 100 жылдығынаарналған VIІ халықаралық «Balausa» экспериментальді спектакльдер фестивалінен олжалы оралды.

         Аталған халықаралық додаға Аймауытов театрының ұжымы Бертольт Брехттің «Періқатын» драмалық абсурдымен қатысты. Режиссері - Азия және Еуропа елдеріндегі театр ұжымдарының тәуелсіз режиссері Овлякули Ходжакули.

         Фестиваль қорытындысы бойынша «Періқатын» қойылымында Балауса қыздың ролін сомдаған актер Дильназ Қиятова «Үздік әйел адам ролі» номинациясымен марапатталды. Ол бұған дейін Жезқазған қаласында өткен Жанат Хаджиев атындағы VI халықаралық театр фестивалінде «Екінші пландағы әйел ролі» номинациясына ие болды.

         Актер Дильназ Қиятова 2023 жылы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мектеп-интернат колледжін «Музыкалық драма әртісі» мамандығы бойынша тәмамдады. 2023 жылдан беріЖ.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрында қызмет етеді.

         Бұған дейін «Ұждан», «Ричард ІІІ», «Келіндер көтерілісі», «Мысық үйі», «Кербұғы», «Қарашекпен», «Балалық шаққа саяхат», «Алғашқы махаббат», «Әбілмансұр, Сабалақ, Абылай», «Шәмші», «Менің атым Қожа», «Джудит жасаған қиын таңдау» спектакльдерінде ойнады.

Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театры


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения
Партнеры