Меню KDT
logo.png?_=1549021584
СОЦИАЛЬНАЯ СЕТЬ ПАВЛОДАРСКОЙ ОБЛАСТИ
ru kz en
Новости

Актер Бекболат Оқасовты еске алу кеші өтті

10.10

Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрында театр актері Бекболат Қабиденұлы Оқасовтың туғанына 50 жыл толуына орай еске алу кеші өтті.

«Жарқ еткен жарқын бейне» атты шығармашылық кешке актердің әріптестері мен достары, өнерін бағалайтын жандар және қоғам өкілдері жиналып, Бекболат Оқасовтың ұлттық театр өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Бекболат Оқасов 1975 жылы Ақтоғай ауданының Шұға ауылында дүниеге келген. Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын тәмамдағаннан кейін Ж. Аймауытов атындағы театрдың жетекші актерлерінің бірі болды. Ол Малайсары, Шыңғыс хан, Шернияз, Кебек, Арқалық батыр, Міржақып, Оразқұл бейнелерін және басқа да 20-дан астам рөлдерді сомдады. 2014-2016 жылдары Бекболат Оқасов театрдың көркемдік жетекшісі қызметін атқарып, өнер ордасының дамуына зор үлес қосты.
Актердің таланты республикалық және халықаралық фестивальдерде жоғары бағаланғанымен, оның басты марапаты - көрермендердің сүйіспеншілігі болды. Сахнадағы рөлдерімен ғана емес, мінезінің кеңдігімен, мейірімділігімен және адамгершілігімен де көптің жүрегін жаулап алды.

Ол 2018 жылдың 25 наурызында 43 жасында өмірден өтті. Актер қазақ мәдениетінде өшпес із қалдырды.

 

Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театры


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения
Партнеры