Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының ұжымы 36-шы маусымдағы алғашқы премьераның тұсауын кесті.
Көрермен назарына ұсынылған «Мұғалім» әлеуметтік драмасының премьерасы сәтті түрде сахналанды. Мұғалім мәртебесінің әлеуметтік мәніне үңілген көпшілік актерлердің ойынына қошемет көрсетті.
Мұғалім тағдыры арқылы біз адалдық пен мейірімнің, арман мен үміттің, жауапкершілік пен жанқиярлықтың сырын ұғындық. Бұл қойылым мұғалім, оқушы және ата-ана арасындағы мәселелердің шешімін табуға жол бастайды.
Айтып өтейік, қойылым авторы Қолғанат Мұрат, қоюшы-режиссер Әділет Ақанов, қоюшы-суретші Айсұлу Шарипова, Хореограф – Данияр Абишев.
РОЛЬДЕР МЕН ОРЫНДАУШЫЛАР:
Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театры