Көктемнің шуақты мерекесі — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні!

06.03.2025

Құрметті аналар, әжелер және барша арулар! Бүгін біздің балабақшада көктемнің шуақты мерекесі — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған тамаша мерекелік іс-шара өтті. Балалар өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын тарту етіп, аналар мен әжелерге деген ыстық ықыластарын білдірді. Ән шырқап, би билеп, тақпақтарын айтып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Балабақша ұжымы барша нәзікжандыларды осы керемет мерекемен құттықтайды! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт, мейірім мен қуаныш тілейміз! Балаларымыздың жарқын болашағы сіздердің махаббаттарыңыз бен мейірімдеріңізге толы болсын!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

Обсуждений не найдено